Құрметті серіктестер!
Серіктестерге қатысты алаяқтық әрекеттер жиілеп кетті.⛔
Компания президенті Арман Айдосұлының атынан серіктестерімізге қоңыраулар/хабарламалар түсе бастады, онда белгісіз адам менеджер ретінде өзін таныстыра отырып, автокөлік сатып алумен құттықтайды және жүлде құнының 10% - ын сұрайды!
Сондай-ақ, компания көшбасшыларының атынан әлеуметтік желілерде парақшалар ашып, қарызға ақша сұрайды!
Компания серіктестерден ешқандай сылтаумен, әсіресе ұтыстардан ешқандай ақша сұрамайды.
‼️ Басқа адамдардың нөмірлерінен келген қоңыраулар мен смс-терге сеніп қалмаңыз және серіктестеріңізді алаяқтардың қоңыраулары туралы ескертіңіз және олармен сөйлеспеуді сұраймыз.
Компания атынан Marine Health Group ресми парақшаларында жарияланған шынайы ақпаратқа ғана сенуді сұраймыз!